Атырау облысында бір тәулікте 77 адам Covid-19 жұқтырған.
Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 77 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 56 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды. Құрманғазы ауданында 6 науқас анықталған.
Коронавирустық инфекциясы бар 31 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 46 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 435 адам емделді.
Қазір 2 691 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 143, екінші облыстық ауруханада – 137 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 61, кардиоорталықта – 12, т/ж ауруханасында – 14 адам ем алуда, облыстық ауруханада – 10, жатақханада – 31, аудандық инфекциялық стационарларда – 137. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 127 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы “қызыл” аймақта.