COVID-19АТЫРАУДА

Вакцина алған ауысым жұмысшыларына ПТР сынағын тапсыру қажет емес

Енді вахталық әдіспен жұмыс істейтін компаниялардың вакцинацияланған қызметкерлері жұмысқа кетер алдында және ауысым аяқталған соң ПТР тестінен өтпейді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы брифинг барысында Атырау облысы бойынша санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Әлия Бекешева айтты.

– Бұл мәселе бойынша вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдардан көптеген шағымдар түсті. Енді жаңа қаулыға сәйкес олар үшін кіру мен шығу алгоритмі жеңілдетілді. Сонымен қатар, екпе алған барлық қызметкерлер ауысым аяқталғаннан кейін оқшауланбайтын болады », – деді спикер.

Назар аударыңыз, ағымдағы жылдың 11 тамызынан бастап Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Қаулы қазірдің өзінде күшіне енді

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button