26 сәуір күні Skifnews порталында 2021 жылы кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан және Маңғыстау облыстарында тіркелді, – деген ақпарат жарияланды.
Ол жерде дерек көзі ретінде стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі көрсетілген.
Ресми дерек көзінен анықтап білгеніміздей, 2021 жылы өңірлер бөлінісіндегі кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан (9,8%), Маңғыстау (8,6%) облыстарында, ең аз үлесі – Нұр-Сұлтан (2,2%) қаласында тіркелген. Ақпарат шындық.
А. Есжан