АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА КӨШЕДЕ ЖҮРУГЕ РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ЖҰМЫСШЫЛАР ТЖ РЕЖИМІН БҰЗУДА

 Жедел штаб қызметкерлері  жүргізген тексеріс барысында рұқсат етілген ұйымдар мен  компаниялар (арасында шетелдік те бар) жүргізушілерінің және жұмысшыларының қала ішінде жеке қорғаныс құралдарынсыз  жүру жағдайы анықталды, – деп хабарлайды ТЖ қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб. 

Күндізгі рейдтің нәтижесі  төтенше жағдай режимін бұзу  азаймай тұрғанын аңғартады.

ac48ab4f bb4d 4273 9e6b 5bd1b275b07e

 – Карантинді жеке көлік  пайдалануға рұқсат берілген мекемелердің жүргізушілері бұзуда.  Олар рұқсат етілмеген уақытта  жеке қорғаныс құралдарынсыз жүреді, – deptі штабтағылар.

 Сонымен қатар,  тамақ және азық-түлік жеткізу қызметтері тапсырыс қабылдауға рұқсат алғаннан кейін, жолаушыларды  тасымалдап жүргені белгілі болды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button