АТЫРАУДА

ТЖ КЕЗІНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН «БЕЛГІЛІ МЕКЕНІ ЖОҚ» АДАМДАР ҚАЙДА?

Елімізде ТЖ жарияланғалы тәртіп күшейтіліп, бүгінде үйіңнен негізсіз шығуға да тыйым салынды. Сонда үйсіз-күйсіз, қайыр тілеп, көше кезген адамдардың тағдыры не болды?

«БОМЖ- дарды өмірлік жағдайға ұшыраған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығында шығармай ұстап отырмыз. Бұрын ТЖ дейін қаңғыбастар түнде келіп, таңертең шығып кетіп жүрген. Сақтық мақсатында далаға шығармай карантинде ұстап отырмыз. Барлығы болмауы мүмкін, әрине. Бізде қазіргі уақытта 18 адам бар» – depti Атырау қалалық азаматтық хал актілер және жұмыспен қамту әлеуметтік басқармалар бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева.

Алдағы уақытта өзге де қаңғыбастар іздестірІліп, қауіпсіз аймаққа көшірілетін болды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button