АТЫРАУДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН БАЛЫҚШЫЛАР ТАБЫЛДЫ

6187f0b9c8ab7444680493

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен балықшылар табылды.

 Бұған дейін Атырау облысында жоғалып кеткен 4 балықшыны тікұшақпен іздеп жатқанын жазған болатынбыз. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Амангелді» және «СефКаспийфиш» ЖШС-нің 4 балықшысы 3 қарашада балық аулауға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Балықшыларды іздеу кеше, 6 қараша күні басталды. Оған «МИ-8» тікұшағы тартылды. Тікұшақпен аэровизуалды іздестіру жұмыстары 270 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің Исатай, Құрманғазы аудандары аумағындағы жағалауында жүргізілген.
«Бүгін, 7 қараша сағат 9:30-да жоғалған балықшылар ұялы байланыс арқылы өздері жұмыс істейтін серіктестік басшыларына хабарласқан. Балықшылар Исатай ауданындағы Жанбай ауылынан 50 шақырым қашықтықта балық аулап жүргенін айтқан», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: