COVID-19АТЫРАУДА

COVID-19: Атырауда мобильді ақпараттық топ вакцинаның маңызын түсіндіруде

Атырауда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудың маңызын түсіндіру басталды, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осыған байланысты құрылған мобильді ақпараттық топ алдымен С.Мұқашев атындағы колледждің ұжымымен кездесу өткізді. Мобильді топ құрамында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев, өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов, сондай-ақ, облыстық білім басқармасының басшысы Сәтқан Есенғалиев бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, өңірде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 50 мыңнан асқан. Вакцинаның толық компонентін салдырған қатары 20 мыңнан астам адамды құраған.

«Атырау облысына 1 ақпан-26 мамыр аралығында 74 200 доза вакцина жеткізілді. Мамырдың соңына дейін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде апкцина дозаларының тең жартысы игерілді. Халыққа түсіндіру жұмысы өте қажет. Өйткені, тұрғындар вакциналау туралы барлық ақпаратты тиісті басқарма бсшыларының өзінен естігісі келеді. Біз де тұрғындардың пікірін білеміз», – дейді Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, қазір өңірде 31 стационарлық, 10 жылжымалы вакциналау бекеті жұмыс істейді. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 51 мың адам вакцина салдырғанын жазған болатынбыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button