САРАПТАМА

ЗАЙСАНДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ МИНИСТР ПІКІР БІЛДІРДІ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов шу шыққан Зайсандағы жағдайға қатысты пікір білдірді, depti ҚазАқпарат.

«Пойыз арқылы ауыр жүк көлігі әлі тоқтатылмаған. Оны қалай тоқтатамыз? Ол күнделікті жүріп жатқан тауарлар. Оның арасында елімізге келіп жатқан транзиттік тауарлар да бар. Сол көліктер арқылы шекараны кесіп өткен жүргізушілері Шығыс Қазақстандағы Бақты және Майқапшағай бекеті арқылы келеді. Біз күнделікті мониторинг жасаймыз. Біздің санитарлық дәрігер сол жерде тұрады», – depti Елжан Біртанов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Ол Зайсаңда «Қытай азаматтары келіп жатыр» деген жалған ақпарат тарап кеткенін айтып өтті.

Министр сонымен қатар Шығыс Қазақстанда инвестициялық жобалар бойынша жұмыс істеп жатқан Қытай азаматтары барын жасырмады. «Құпия жоқ. Олардың арасында да жақында Қытайдан келген азаматтар да бар. Олар біздің бақылауымызда. Тіркелген ауру адамдар жоқ. Олардың денсаулығы дұрыс болса ары қарай жұмыс істеуге мүмкіндік беруіміз керек. Себебі олардың келісімшарттар бойынша өз жауапкершіліктері бар», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Зайсан қаласының тұрғындары короновирусқа байланысты Қытаймен арадағы шекараны жабуды талап етіп ереуілге шыққан болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button